Баскетбол: «Астана» плей офф кезеңіне шықты
10:16, 25 Наурыз 2013
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Баскетболдан қазақстандық «Астана» командасы Біртұтас БТВ лигасының плей офф кезеңіне жолдама алды.
Біздің команда Таллинде жергілікті «Калев» командасын 85:81 есебімен ұтып, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды, деп хабалдайды «Аламан».
«Астана» командасы бұл доданың плей офф кезеңіне алғаш рет шығып отыр. Енді олар плей оффтың алғашқы айналымында Риганың ВЭФ командасымен күш сынасады. Кездесу екі жеңіске дейін жалғасады.