Баскетбол: Елорданың «Астана жолбарыстары» әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионы атанды

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін баскетболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионы анықталды. Финалда 2:1 (53:50, 68:63, 75:66) есебімен Павлодардың «Павлодар-Ертіс» командасын ұтқан елорданың «Астана жолбарыстары» клубы ел чемпионы атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осылайша астаналық волейболшы қыздар былтырғы маусымда қол жеткізген жетістіктерін тағы да қайталады. Ал биылғы біріншіліктің қола жүлдесін Алматының «Алматы» клубы жеңіп алды. Олар үшінші орын үшін болған ойында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасынан басым түсті.