Төрешілерге ойыннан соң таксиге отырып, қонақүйге оралған кезінде шабуыл жасалған. Мотоциклге мінген белгісіз біреулер машинаның терезесін сындырған. Салдарынан 54 жастағы Луиджи Ламоника жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.
Ал кездесу болса испандық команданың жеңісімен, 92:81 есебімен аяқталды.
Ламоника Еуропада баскетболындағы танымал төрешілердің бірі болып есептеледі.
Ол бес дүркін Еуропа чемпионаты финалында, сондай-ақ 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадалық ойындарда төрешілік еткен.