ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3-7 қазан аралығында Қытайдың Сиянь қаласында 3х3 баскетболдан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы тұңғыш әлем біріншілігі өтеді.
Аталған турнирде Қазақстан намысын қыздар құрамасы қорғайды. Команда қатарына Александра Ковалевская, Эльмира Әбікеева, Карина Оленберг және Анастасия Арзамасцева енген.
Бұл күндері спортшылар Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Сиянь қаласына 1 қазан күні ұшып кетеді.
Қазақстандықтар Украина, Нидерланды, Беларусь және Индонезиямен бір топқа түсті.
Фото: www.olympic.kz