АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэнчжэнь қаласында 3х3 баскетболдан өтіп жатқан Азия Кубогында Қазақстан қыздар құрамасы плей-офф кезеңінде қытайлықтардан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайлық спорт сайтының хабарлауына қарағанда Қазақстанның қыздар құрамасы өз тобында топтық кезеңдегі екі ойында да, жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Өкінішке қарай ширек финалда біздің арулар жарыс қожайындары - Қытай құрамасымен күш сынасып, 16:13 есебімен ұтылып қалды.
Ал D тобында сынға түскен жігіттеріміз алғашқы екі ойында да, қарсыластарына есе жіберіп, топтық кезеңнен өте алмады. Олар бірінші ойында Жаңа Зеландия құрамасынан 22:8 есебімен ұтылса, Аустралия құрамасына 21:9 есебімен жол берді.
Фото:nbf.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.