Баскетбол: Қазақстанның қыздар құрамасы Тайландта өтетін Азия чемпионатына қатысады
16:27, 18 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Маусымның 23-і мен 30-ы аралығында Тайландта баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар командалары арасында 20-шы Азия чемпионаты өтеді.
Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Айта кетейік, 2008 жылы өткен Азия чемпиоатында біздің команда екінші кіші топта жеңімпаз атанып, бірінші топқа жолдама алған болатын. Енді, жерлестеріміз құрлықтың үздік командаларымен жүлделі орындарға таласатын болады.