Алаңша маңындағы орынға билет алған фанаттың аты-жөні әзірге айтылмай отыр. Сондай-ақ, тағы бір жанкүйер осы матчты көру үшін 82 мың долларға екі билет сатып алған, деп хабарлайды ESPN.
Айта кеткен жөн, 2016 жылы баскетболға табынушы тағы бір адам «Голден Стейт» пен «Кливленд Кавальерс» арасындағы финалдық серияның жетінші матчына 99 мық доллар төлеген. Ол кезде «Кавальерстің» мерейі үстем болған еді.
Қазіргі уақытта төрт рет жеңіске жету сериясындағы есеп 3:1, «Уорриорстің» пайдасында. Сейсенбіде, 13 маусымға қараған түнгі бесінші матчта басым түсетін болса, «Уорриорс» турнир жеңімпазы атанбақ.