Баскетболдан әлем кубогіне іріктеу: Қазақстан жартылай финалға жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Катар астанасы Дохада 3х3 баскетболдан әлем кубогіне іріктеу кезеңі өтуде. Аталған сынға Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер командасы Өзбекстаннан 13:14 есебімен ұтылып, Шри-Ланканы 21:11 есебімен жеңді.

Қазақстан ерлер командасы Жаңа Зеландияға 9:21, Катарға 15:21 есебімен жол берді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы В тобында екінші орын алып, іріктеу турнирінің жартылай финалына өтті.