Жаңа рейтингіге сәйкес, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты. Ал Иордания мен Австралия алдыңғы үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Азия аймағындағы іріктеу турнирінің алғашқы екі кезеңінде 4 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 8 ұпаймен D тобында көш бастады.
Қуаттылық рейтингісі команданың іріктеу турниріндегі нәтижелеріне сәйкес түзіледі.
Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Иран және Бахрейн құрамаларымен күш сынасады.