Баскетболдан Ұлттық лигада ерлер арасында Астананың «Жолбарыстар» командасы Қазақстан чемпионы атанды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан XVII Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы ерлер арасында Павлодарда өткен ақтық ойындарында Астананың «Жолбарыстар» командасы үздік шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.Наурыздың 29-ы мен сәуірдің 4-і аралығында өткен ойында астаналықтар Атыраудың «Атырау барыстарын» 102:60, 86:61 есебімен ұтып, бірінші орын үшін болған ақтық кездесуде Қостанайдың «Тобыл» командасынан 63:62, 81:75 есебімен басым түсті. Үшінші орын үшін болған ойында Алматының «Алматысы» Атыраудың «Атырау барыстарын» 73:70, 75:56 есебімен жеңіп үздік үштіктің қатарына енді. Олар алғашқы ойындарда «Тобылдан» 74:75, 63:80 есебімен ұтылған болатын.