Баскетболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында

None
АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты аясында "Алматы" мен "Астана" баскетболшыларының сайысы өтеді.

8 ойыннан кейін астаналықтардың қоржынында - 16, ал алматылықтарда - 13 ұпай бар. Өзге командалардың олардан 2 ойыны артық. Қазіргі таңда «Барыс» - 17, «Каспий» - 15, «Тобыл» -13, «Атырау» - 10 ұпай жинап отыр.

Бұған дейін астаналықтар барлық ойында қарсыласынан үстем түссе, алматылықтар 3 ойында жеңілістің ащы дәмін татқан болатын. Атыраудың «Барысына» қарсы ойында жарақат алған Роман Марчук команда сапына енді 1 айдан кейін ғана қосылуы мүмкін.