Баскетболшы 80 метрлік биіктіктен доп лақтырып, кәрзеңкеге дәл түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өздерін How Ridiculous деп атайтын австралиялық баскетболшылар Лондонда 80 метрлік биіктіктен доп лақтырып, оны баскетбол кәрзеңкесіне дәл кіргізіп рекорд орнатты.

Австралиялық How Ridiculous командасының екі ойыншысы әлемде саяхаттап жүріп, ыңғайсыз жерлерден допты лақтырып шеңберге кіргізумен айналысады.

Жастардың мұндай тәжірибені жүзеге асырған бүгінгі күнгі соңғы алаң Лондондағы Олимпиада саябағындағы 114 метрлік ArcelorMittal Orbit мұнарасы болды.

Спортшылар құрылыстың жоғары ярусына көтеріліп, 80 метр биіктіктен баскетбол добын лақтырып, нысанаға дәл түсірді.