Үшінші кезең Бермео мен Вальдеговия арасындағы 184,8 шақырым қашықтықта өтті.
Бұл жарыста ең үздік велошабандоз ретінде танылған австралиялық Джей МакКарти Александр Рябушенко мен Михал Квятковскиге шаң қаптырып кетті.
Билбао тоғызыншы орыннан көрінді.
Жарыстың жалпы есебінде Жулиан Алафилипп көш бастап тұр. Пельо Бильбао одан 54 секунд артта қалып, 5-орында тұр.