АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкентте миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Соның арқасында 9 мыңға жуық отбасы қоныстой тойлайды. Тұрғын үй құрылысының қарқынын бәсеңдетпеу керек. Ең бастысы, оның бағасы жұртқа қолжетімді болуы қажет. Әкімдік Үкіметпен осы бағытта бірлесіп жұмыс атқаруға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетсек, ҚР Президенті Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген болатын.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.