Бір айда баспана бағасы қалай өзгерді
Krisha.kz жасаған мониторинг деректері бойынша, 17 қаланың 11-інде пәтер сәл арзандаған. Оның ішінде Астана, Алматы Шымкент қалалары да бар. Пәтер елдегі 5 қалада ғана қымбаттаған. Әсіресе Ақтауда 3,5% өскен.
Баспана арзан және қымбат өңірлер
Шаршы метрдің бағасы ең жоғары 5 өңір:
- Алматы — 707,8 мың теңге;
- Астана — 473,2 мың теңге;
- Шымкент — 419,4 мың теңге;
- Атырау — 386,9 мың теңге;
- Өскемен — 380 мың теңге.
Шаршы метрдің бағасы ең төмен 5 өңір:
- Қызылорда — 236,7 мың теңге;
- Ақтөбе — 286,6 мың теңге;
- Тараз — 301,6 мың теңге;
- Талдықорган — 304,1 мың теңге;
- Көкшетау — 305,5 мың теңге.
Жыл басынан баға қалай құбылды
2022 жылдың желтоқсанынан бастап пәтер бағасы орта есеппен 1,2% арзандаған. Негізінен арзандау 14 қалада тіркелді. Олар: Көкшетау (-7 %) мен Астана (-2%).
Үш өңірде пәтер бағасы өскен: Ақтау (+9%), Алматы (+1,4%), Қызылорда (+0,9 %).
Бір жылдағы динамика
Бір жылда (2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қазанына дейін) баға әрқалай құбылғанымен, қазан айының екі жылдағы динамикасы дәл былтырғыдай. Елдің 12 қаласында баға 6% түскен. Оның ішінде Астанада 2,1 % арзандаған.
Ал Ақтау (+9%), Алматы (+3,1 %), Қызылорда (2%) облыстарында баспана бағасы жылдық динамикада да өскен.