«Жалпы, 2018 жылы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі барлық несиелеу түрлері бойынша 360 млрд теңгеге 39 295 займды, 2019 жылы 361 млрд теңгеге 34 179 займды берді», - деді В. Божко.
Оның пайымынша, ел халқы баспана алу үшін аталған банк жүзеге асырып жатқан тетіктерді жаппай пайдаланып келеді.
«2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атарушы органдарда жалпы кезекте 2,5 млн адам тұрса, оның ішінде 400 мыңы жергілікті атқарушы органдарға тиеселі, 780 мыңы салымшылар, сондай-ақ 1,3 млн адам үй салу үшін жер телімін алуға кезекке тұрған. Ал 2018 жылдағы қаңтарда жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде 2,8 млн адам кезекте тұрған», - деді Владимир Божко.