Баспана тауқыметі қазақ баласының басынан әлі де арылмай келеді. Бұл мәселе еліміздің әр түкпірінде бар. «Қолжетімді», деп қабылдап жатқан бағдарламалар кімдерге қолжетімді? Қалалық болу неге қиындап барады? Бүгін, 21.05-те «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Айтуға оңай» ток-шоу бағдарламасы баспана «жырын» талқылайды.
15:56, 14 Наурыз 2013
Баспана тауқыметі қазақ баласының басынан әлі де арылған жоқ - «Қазақстан» ұлттық телеарнасы
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - «Берсең бер, бермесең қой баспанаңды, сонда да тастамаймын Астанамды». Өткен ғасырдың 60-жылдары айтылған Қасым ақынның осы бір жыр жолдары күні бүгінге дейін маңызын жоймаған сыңайлы.