Өзгерістерге сәйкес, заңда басқа жағдай қарастырылмаса, Қазақстан азаматтары ел аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана баспананы жекешелендіруге құқылы.
Бұл ретте бұрын баспананы жекешелендіру барлық жағдайда бірдей бас тартуға негіз болмайды. Атап айтқанда, 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін купондық тетік арқылы немесе өзге тәсілмен жекешелендірілген тұрғын үй мемлекеттік баспананы жекешелендіруге кедергі келтірмейді.
Сонымен қатар, негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйде 50% немесе одан аз үлесі болса, ол кейін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру құқығын пайдалана алады.
Осылайша, өзгерістер бұрын жекешелендірілген баспана немесе ондағы үлес мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіруге кедергі келтірмейтін жағдайларды нақтылайды.
Қаулы 2026 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеріп жатқанын жазған едік.