Осы күндері қалада «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Полиция департаментінен мәлім еткендей, оның барысында учаскелік полиция инспекторы Гёте көшесіндегі үйдің бірінде өзінің баспанасын жыныстық қызметтер көрсету үшін жалға беріп келген әйел анықталған.
«Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 31 жастағы азаматша А. ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабының 1-бөлігіне сәйкес (Көрінеу жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларды ұсыну) 100 АЕК (252 500 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ведомстводан.
Департаменттің ақпараты бойынша, елордада жыл басынан бері аталмыш бап бойынша 30-дан астам тұлғаға айыппұл салынған.