«Пәтерлер екінші деңгейлі тұрғын үй нарығынан қор есебінен алынады. Басты үміт қорға артылып отыр»,-деді Аймақов журналистерге берген сұхбатында.
«Біз бюджеттен тікелей тек апаттан-құтқару жұмыстарына ғана қаржы бөле аламыз. Яғни, техниканы пайдалану, жанар-жағар май алу, адамдардың тағамына деген сияқты»,-деді ол.
Әкімнің мәліметтерінше, қазір 12 пәтер алу қажет болып тұр.
Әкім жас Андроповтар отбасында дүниеге келген 7 жасар Полинаны назардан тыс қалдырмайтынын айтты. Кішкентай қыз ата-анасынан және сіңілісінен айырылып қалды.
«Ол осы апатқа ұшыраған үйдің иесі. Сол себепті оған да пәтер алынып беріледі. Қазір оның туыстары қызды кім қамқоршылығына алатынын шешуде»,-деп нақтылады Шахтинск әкімі.
Билік өкілдері сонымен қатар психологиялық тұрғыдан өздерінің жарылыстан аман қалған үйлеріне кіргілері келмейтін азаматтарға да баспана алып бермек. Әкімнің сөзінше, екі азамат қазір осындай жағдайда тұр.
«Алдымен 45 пәтердің иелері қоныстанады. Өзгелері бойынша мәселе кейінірек шешіледі»,-деді Сержан Аймақов.
Бұған қоса, қазір арнайы комиссия өкілдері төтенше жағдайдың салдарынан жеке мүлікке келген шығынды есептеп жатыр. Шығынды өтеу тиісті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда құлаған 4-ші подъезді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар келесі аптада өздерінің баспаналарына қайта оралады. Алдымен модульді қазандық іске қосылады.Осыған дейін хабарланғанындай, Шаханда зардап шеккендерге қаржылай көмек беру мақсатында жеке қайырымдылық қоры ашылған.
Қайырымдылық көрсетем деушілер үшін қордың есеп нөмірі:
«Шахтинск қаласындағы Шахан кентінде болған төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету қоры» жеке қайырымдылық қоры.
«Цеснабанк» АҚ-ның Қарағанды қалалық филиалы
БИН/ИИН: 170140001103
Есеп KZT KZ58998HTB0000352677
Код КБЕ 18
Банк реквизиттері
БИК TSESKZKA
Мекенжай: 100019, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі 7/4
БАНК БИН: 040541008233