ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, соның ішінде экспорт - 44 млрд. 916 млн. АҚШ долларын (өсім - 51,8 пайыз), импорт - 16 млрд. 642 млн. АҚШ долларын (28,4 пайыз) құрайды.
«Экспорт және импорт бағаларын қарайтын болсақ, биылғы жылдың 6 айында экспорттың бағалары 41 пайызға, ал импорттікі - 5,7 пайызға өсті. Экспорт көлемінің импортқа қарағанда оза өсуі сондай-ақ, импорт бағаларымен салыстырғанда, экспорт өнімдері бағаларының елеулі артуы Қазақстан үшін сыртқы сауда конъюктурасының жақсарғандығын білдіреді. Бұл елдің төлемдік балансын айтарлықтай жақсартады», - деді ол.
Сондай-ақ, төраға ұсынған мәліметтерге сүйенсек, тұтыну бағаларының индексі 2010 жылдың шілдесінде 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары - 8,2 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 3,1, ақылы қызметтер - 4,9 пайызға артты. Аталмыш кезеңде өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарда бағалар 21 пайызға қымбаттады.