Қала әкімі оның әрбір күні газеттерді оқудан және телевизиялық шығарылымдарды көруден басталатындығын айтты. «Бұл, журналистер көтерген мәселелерге жедел елеуге көмектеседі. Мен баспасөздегі объективті пікірге қарсы емеспін - ол жұмысқа өз септігін тигізеді», - деді ол.
О.Қайыргелдинов журналистерді қалалықтардың аман-саулығына септігін тигізіп отырған көмекшілер ретінде көреді. Атқарушы билік пен БАҚ-да бір міндет бар - қаланы адамдардың өмірі үшін қолайлы ету.
Қала әкімі газет, радио-телеарналардың басшыларына құрмет грамоталарын, журналистердің үлкен тобына, телевизиялық тілшілерге алғыс хаттар мен гранттарды табыс етіп, оларды жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.