Бассейнде жарақат алған 14 жасар ақтөбелік есін жиды
19:08, 06 Желтоқсан 2012
АҚТӨБЕ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Чайка» бассейнінде жарақат алып, комада жатқан 14 жасар Максим Туман есін жиды.
Бала бірнеше апта бойы облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі кезде дәрігерлер баланың денсаулығының айтарлықтай жақсарғанын айтады: ол өз туыстарын танып, өздігінен тыныс алып, аз көлемдегі тамақты жей алады. Бір ай үндемеген ол бірнеше күн бұрын алғашқы сөзін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бассейнде 14 жастағы жасөспірім досымен бастарымен кездейсоқ қатты соқтығысып, күрделі жарақат алып, комаға түсті.
Енді Максимді ұзақ мерзімді оңалту үдерісі күтіп тұр.