«ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы бұйрығына сәйкес жазғы демалыстан кейін энтеробиозға тексерілуге тек эпидемиологиялық (энтеробиозбен сырқат науқаспен қарым-қатынаста болған) және клиникалық көрсеткіш (энтеробиозды жоққа шығармайтын ауру белгілерінің болуы) бойынша оқушылар алынады», - делінген хабарламада.
14:49, 23 Тамыз 2022
Бастауыш сынып оқушыларын энтеробиозға тексеру тек клиникалық белгілер болса ғана алынады - комитет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жазғы демалыстан кейін бастауыш сынып оқушыларынан энтеробиозға қатысты тексеру жүргізу туралы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.