«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясындағы іс-шара барысында қарттар үйіндегі ардагерлер зұлмат соғыс жылдарынан естеліктер айтып, жастарды туған елін білектің емес, біліктің күшімен қорғауға шақырды. Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Өрлеу шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дамир Нұрлановтың айтуынша, кездесудің негізгі мақсаты - қарттар үйіндегі соғыс ардагерлеріне көңіл бөліп, олардың естеліктерінен тағылым алу. «Әрине, біз қандай да бір қаржылай көмек бере алмасақ та, біздің ардақты ардагерлерімізге рухани жағынан барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Бұдан басқа біздің ұйымға мүше жастар ардагер қариялармыздың үйлері мен аулаларын жинап, жан-жақты тұрмыстық көмек көрсетіп келеді», - дейді Д.Нұрланов.
13:22, 09 Қыркүйек 2010
Басты міндет - ардагерлерге рухани жағынан барынша қолдау көрсету
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері студент-жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.