Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарына өзгерістер енгізілді7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет Үйі 2016 жылғы 29 ақпан №124

«Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші жəне үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сəуірдегі № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші жəне үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сəуірдегі № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 104-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші жəне үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу жəне «Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші жəне үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттарын бекіту туралы»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сəйкес «Қазақстан - Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші - «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сəйкес «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші - «Бейнеу - Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сəйкес «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші жəне үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші - «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) бекітілсін.»

; көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.