Басын ауыстырмақ болған ресейлік АҚШ-қа аттанғалы жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Басын ауыстыруға бел буған алғашқы үміткер, бағдарламашы Валерий Спиридонов АҚШ-қа аттанбақ. Онда экспериментті бастау туралы конференция өтпек.

АҚШ-қа ең керек деген заттарымды ғана аламын, өйткені жүгімді көтеріп жүретін адам жоқ. Менде тек ішінде арба камерасы, ұялы телефон, ауыстыратын киім, кредит карточкасы бар кішкене ғана иыққап болады», - дейді Спиридонов. 30 жастағы Валерий Спиридонов сирек кездесетін туа біткен арқаның бұлшықет атрофиясына шалдыққан. Дәрігерлер операцияны 2016 жылға жоспарлап отыр. Оны итальяндық хирург Серджио Канаверо жасамақ, деп хабарлайды 24.kz.