Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады.
Оқыс оқиға Уичито (Канзас штаты) қаласында болған. Бита бейсболшылардың бірінің қолынан шығып кетіп, баланың басына тиді. Карлайл жақын жердегі госпитальге ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Карлайл командалардың бірінің бэт-бойы (биталарды апаратын бала) болған. Лига өкілінің айтуынша, оқиға кезінде баланың басында шлем болды. Бұл талаптардың бірі.