Басына ұзындығы бір қарыс шеге енгізіп алған қытайлық дін-аман қалды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайда дәрігерлер ер адамның басынан 8 сантиметрлік шеге алып шықты.

Байқаусызда енгізіп алған темір шегені қытайлық тек келесі күні аңғарған. Янг есімді азамат өзінің үй ішін безендіріп жатқанда оның бассүйегіне шеге еніп кеткен. Бірақ ол не болғанын да түсінбепті. Шегенің бірі жоғалып кеткен болар деп бұл оқиғаны елемеген ол, келесі күні ауруханадан бір-ақ шығады. Шеге оның бассүйегіне сол жақ көзінің тұсынан кіріп, аз ғана жара қалдырыпты. Томограмма жасаған хирургтар бұл шегені алып шығу қиынға соғатынын айтқан. Себебі бөтен дене қан тамырлары мен нерв жүйелеріне тым жақын орналасқан. Сондықтан темірді алу үшін дәрігерлерге оның бассүйегінің жартысын алып тастауға тура келді. Қазіргі уақытта Янг сауығып келеді.