Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының талабына сәйкес, әскерлердің жауынгерлік даярлығына баса назар аударылып отыр. Биылғы жылғы іс-шаралардың барлығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20-жылдығын мерекелеуге байланысты өткізіледі. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше,
Батальондық-тактикалық оқу-жаттығулар Талдықорғаннан басталды. Қатал климаттық жағдайларға қарамастан, «Көктал» оқу орталығына Аэроұтқыр әскерлері, Талдықорған бригадасының батальоны жол тартты. Жеке құрам жауынгерлік даярлыққа келтіріліп, оқу-жаттығулар өткізу аумағына аттанды. Шешуші кезеңді 15-16 ақпанда өткізу жоспарланған. Маневрлерге 250 жауынгер-десантшы қатысады және шамамен 80 жауынгерлік және арнайы техника тартылған.
Марштан өткеннен кейін оқу-жаттығуға қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарға даярлықтарын бастайды, осыдан кейін ұрыс әрекеті ауданына шығып, қорғаныс шараларына қатысады.
Оқу-жаттығулар жоспары кең көлемде іздеу іс-қимылдарын жүргізуге даярлық, қорғанысты ұйымдастыру, заңсыз қаруланған құрамаларды жою бойынша практикалық іс-шараларды қамтиды.
«Оқу-жаттығуды өткізу барысында жауынгерлік тәртіпке, атыс жүйесіне, жер жағдайын шеберлікпен пайдалануға, атыс, соққы және маневрді үйлестіре отырып ие болған аумақты нық сақтауға және түнде белсенді жауынгерлік әрекеттер жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан десантшы-әскерлер жақсы тәжірибе алады, себебі дала - жауынгерлік шеберлік мектебі», - дейді қорғаныс ведомствосы.