Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы франциялық Мохаммед Мимунды (23-6, 4 КО) жеңді. Kazinform бұл жайында Шредингер спорты Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Он раундқа созылған айқас Плант-Ситиде (Флорида) өткен бокс кешінің басты оқиғасына айналды.
Оның алдында WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) жартылай орта салмақтағы аймақтық титул үшін талас болды.
Қазақстандық боксшы үшін бұл — АҚШ-тағы үшінші жекпе-жек.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.