Қалың орман, тыныштық және өз тіршілігімен жүрген марал. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзақтан осындай кадр алынды.
Марал — Алтай табиғатына тән ірі тұяқты жануарлардың бірі. Көбіне орманды алқаптарды мекендеп, ашық жерге сақтықпен шығады.
— Ал фототұзақтың артықшылығы сол орманда не болып жатқанын жануарлар адамды көрмеген сәтте көрсетеді. Бұл жолы кадрдың басты кейіпкері марал болды, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Батыс Алтай қорығында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалған еді.