Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында ғылыми мониторинг — табиғатты қорғау жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Мұнда күн сайын метеостанцияда ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын мөлшері және басқа да көрсеткіштер тіркеледі.
— Мамандар жиналған деректерді өңдеп, талдап, көпжылдық бақылаулармен салыстырады. Осы арқылы қорық аумағындағы климаттық жағдайдың өзгеруін бақылауға мүмкіндік туады, — делінген хабарламада.
Бақылау фенологиялық алаңдарда да тұрақты жүргізіледі. Мамандар өсімдіктердің жапырақ жаюы мен гүлдеу мерзімін, жемістерінің пісуін, өсімдік жамылғысының күйін және табиғаттағы өзге де маусымдық құбылыстарды тіркейді. Жыл сайын жиналатын бұл мәліметтер табиғаттың маусымдық даму ерекшеліктерін бақылауға және әр жылдағы өзгерістерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми мониторингтің тағы бір бағыты — орман экожүйелерінің жай-күйін бақылау. Тұрақты сынақ алаңдарында инженер-орман патологы ағаштардың жағдайын зерттеп, зақымдану деңгейін бағалайды, аурулар мен зиянкестердің таралуын бақылайды. Мұндай тұрақты бақылау орман қауымдастықтарындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, зиянкес жәндіктер санының көбею динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейкі, Көлсай ұлттық паркінде қоңыр аю байқалған болатын.
Ал Марқакөлде құстарды санап жүрген мамандар аюды кездестіріп қалған болатын.