Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі жазды.
- Біз мұндай әрекеттерді бақылап отырмаймыз. Мен тағы қайталап айтамын, бұл гибридті соғыс емес, НАТО-ны тікелей, ресми, ашық түрде Ресей Федерациясына қарсы соғысқа тарту. Бұған жол беруге болмайды, - деді Ресей сыртқы істер ведомствосының басшысы журналистермен болған кездесуде.
- Әсіресе Макронның (Франция президенті Эмманюэль Макрон) кешегі Ресей - қауіп-қатер деген мағынадағы жүйкеге тиетін мәлімдемесінен кейін. Егер қауіп болса, оған әскер жіберу керек екен.
Осыған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон Украинадағы шиеленіс жаһандық сипат ала бастағанын айтқан еді.