АСТАНА. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КЕАҚ басқарма төрағасының ұсталғанын растайды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, агенттіктен ақпараттың толықтырылатыны айтылды.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.