«Президент еліміздің стратегиялық маңызы бар міндеттерінің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануға баса назар аударып, 2029 жылға дейін 4 мың шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізуге тапсырма берді. Бұл тапсырма аясында биыл 81,5 млрд теңгеге 617 шақырым жол жөнделіп жатыр. Қазіргі таңда 513 шақырым жол жөнделді. Жыл қорытындысымен жергілікті жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 52%-ға жеткіземіз», - деді Н. Төреғалиев Астанада орталық коммуникациялар қызметінде.
Әкімнің айтуынша, 2024 жылы 100 млрд теңгеден астам қаржыға барлық деңгейдегі жалпы ұзындығы 800 шақырым құрайтын 139 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.
«Осы жерде халықты толғандырған Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын аяқталмай қалған 120 шақырым жолдың 104 шақырымын биыл аяқтадық, қалған 16 шақырым бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деді Н. Төреғалиев.