— 2026 жылғы 15 ақпан сағат 13:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 шақырым аралығы (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 15 ақпан сағат 18:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Осыған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың таңғы уақыттағы ахуалы туралы хабарлады.