Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Жол қозғалысына қойылған шектеуге ауа райының бұзылуы себеп болды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 14 қараша сағат 19:30–да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Атырау-Орал» автожолының 372-492 шақырым аралығындағы учаскесінде (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін) және «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автожолының 195-246 шақырым аралығындағы учаскесінде (РФ шекарасы Сырым ө/п — Орал қ. МАИ бекеті) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды ашу 2025 жылғы 15 қараша сағат 08:00–де жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі ауа райының күрт нашарлағанына байланысты жүргізушілерге жолда абай болу керектігі жөнінде ескерту жасады.