Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға орман шаруашылығының 6 қызметкері, Төтенше жағдайлар қызметінің 10 маманы және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері жұмылдырылды.
— Қазір өрттің қайта тұтануына жол бермеу және жағдайды бақылауда ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Мамандар өрт қаупі кезеңінде табиғат аясында демалатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Бұған дейін Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шыққанын жазғанбыз.