БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия штаттық режимде жұмыс істеуде.
Комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өткенде саяжай тұрғындары орналасқан Орал қаласындағы эвакуациялық пункттерге барып, сондай-ақ, облыс орталығында саяжай тұрғындармен кездескен болатын.
Атап өтерлігі, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.