Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Сұлусай ауылы таратылуы мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Сұлусай ауылы оның аумағы Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің Пугаче ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген облыстық әкімдік қаулысы мен маслихаттың бірлескен шешім-жобасында.
Құжат 17 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.
Қоса кетсек, бұған дейін Түркістан облысының Созақ ауданындағы Қақпансор және Қоңыратарық ауылдары таратылатынын жазып едік.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.