Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, бұған тиісті қаражат қарастырылады.
Өңір басшысының сөзіне қарағанда, жаңа жылда 15 мектеп құрылысы жүргізіледі. Соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 мектептің алтауында құрылыс жалғасады. Айталық, Орал қаласында «Жұлдыз» шағынауданында 1500 орындық жаңа мектеп салынады.
Облыс орталығында № 8 мектеп құрылысын 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр.
- Кейінгі екі жылда Батыс Қазақстан облысында 22 мектеп іске қосылса, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Мемлекет басшысы халықтың тұрғылықты жеріне мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандарының жақын болуы керектігі туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда қалада болсын, аудан орталықтарында болсын, қай жерде бала мектепке сыймай жатыр, соған ерекше көңіл бөлмекшіміз. Сондықтан жаңа мектептер салу, бұрынғыларын күрделі жөндеуден өткізу біздің басты бағытымыз болып қала бермек, - деді Нариман Төреғалиев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 1 500 орындық жайлы мектептің қолданысқа берілгенін жазған болатынбыз.