Батыс Қазақстанда 3 300-ге жуық саяжай үйі суға кетті

Фото: Фото: БҚО ТЖД

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында саяжайларда 3 294 үй суға кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның 2 921-і Орал қаласындағы өзен жайылмаларында орналасқан.

«Облыс бойынша су тасқыны басталғаннан бері 13 777 адам эвакуацияланса, соның 5 717-сі – балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 314 адам тұрып жатса, соның 998-і – балалар. 11 463 адам туыстарына кеткен. 4 925 мал қауіпсіз жерге айдалды. Апаттық-құтқару жұмыстарына 10 519 адам, 1 784 техника, 212 су сору құралы, 164 қайық және 4 тікұшақ жұмылдырылған», деп хабарлады ведомстводан.

Фото: БҚО ТЖД

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының үйлеріне аман оралғанына шүкіршілік етіп отырғанын жазған едік.

Жайық өзенінің деңгейі Оралда 34 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шекке жақындады

Фото: БҚО ТЖД