ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты 15 желтоқсан күні қай мектептердің қашықтан оқуға көшірілетіні белгілі болды.
БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, өңірде дүйсенбі күні барлығы 51 мектепте оқушылар онлайн білім алады.
Бұлардың ең көбі Бөрлі ауданында, мұнда 24 мектепте 10 007 оқушы бар. Сондай-ақ Жәнібек ауданында 14 мектеп (2 442 оқушы), Бөкей ордасында 12 мектеп (738) осындай жүйеге көшірілді. Ақжайық ауданында 1 мектеп (5 шәкірт).
— Казталов ауданының 35 мектебінде (5 300 оқушы) сабақ 20 желтоқсанға ауыстырылды. Бәйтерек, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейді, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 мыңнан астам абоненттің электр жарығынсыз қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ БҚО-да су мұнарасы құлап, бір адам жоғалып кетті.
БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).