ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 9-сынып оқушысы асылып өлген.
Айболат Бөкеновтің Фейсбук әлеуметтік желісінде жазғанындай, оқиға биылғы мамыр айында Мәстексай ауылында болған. Анасы мен ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, мектептен шығып, асылып өлген қыздың дерегі бойынша ешкім жазасын алмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірімнің суицид дерегі бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген.
«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, тексерілді. Соның қорытындысына сәйкес қылмыс құрамы болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу өндірісі тоқтатылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын несиені төлеу кезінде қиындыққа тап болған БҚО тұрғынының өзін өлгендер тізімінен тапқанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).