Батыс Қазақстанда автокөлік екі жылқыны қағып өлтірді
Батыс Қазақстан облысында автокөлік екі жылқыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazinform .
Фото: БҚО полиция департаменті
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 қараша күні Бөрлі ауданы аумағында болды.
«Шамамен сағат 18.42-де Приурал-Ақсай жолының 1-шақырымында 1983 жүргізуші айдап келе жатқан „STAFF LINE SERVIKE“ ЖШС-ға тиесілі ГАЗ-27055-750 автокөлігімен жылқылармен түйіскен. Жол апаты салдарынан автокөлік бүлініп, аталмыш серіктестікке материалдық залал келген. Мал жаю ережесін бұзған жылқының иесі әзірге белгісіз болып отыр» деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО полиция департаменті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жылқы өлген.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).