Батыс Қазақстанда ерекше балаларға арналған орталық іске қосылды

Жаңа орталық мамандары нейро-ортопедиялық кінәраттары мен олардың туындау қаупі бар балаларға көмектесетін болады. Мекеме ең замануи жабдықтармен жабдықталған, жылына денсаулығында кінәраты бар 3 жасқа дейінгі 600 баланы қамти алады, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Самұрық-Қазына қоры

Ерте араласу орталығында церебралды сал ауруы, шала туу, Даун синдромы, дамуында туа біткен ақаулары, бұлшық ет дистрофиясы, босану жарақаттары және қозғалыс бұзылыстары және жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар оңалтудан өтеді.

Фото: Самұрық-Қазына қоры

Балалармен жұмыс істеу үшін тиімді технология ұсынылған, олар: механотерапия және емдік-дене шынықтыру залы, сенсорлық, иммерсиялық ванна, шунгит және тұз бөлмелері.

Фото: Самұрық-Қазына қоры

Есту қабілетін және миды зерттеуге арналған диагностикалық жабдықтар да бар.

Фото: Самұрық-Қазына қоры

«Біз бүгін Қазақстан бойынша ерекше балалар және олардың ата-аналары үшін 34-ші оңалту орталығын ашып отырмыз. Ерте араласу оңалту орталықтарының артықшылығы — денсаулығында кәніраты бар балаларға абилитациялық оңалту арқылы мүгедектігінің алдын алуға көмек беру. Бұл мақсатта дәрігерлермен бірлескен еңбектің жемісін ата-аналар қауымы лайықты бағалайды деп сенемін. Ал біздің ұлттық әл-ауқат қоры инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған игілікті ісін әрі қарай да жалғастыра береді», — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Фото: Самұрық-Қазына қоры

Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының ынтымақтастығы аясында ашылып отыр.

Фото: Самұрық-Қазына қоры