«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, Қараөзен Казталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында 632 сантиметрге ( 25, қауіпті шегі – 820 см) жетті. Сондай-ақ Қайыңды ауылында 515 см ( 27, 1 700 см) болды.
Казталов ауданы аумағымен ағатын Сарыөзендегі су деңгейі төмен, Қошанкөл тұсында 1 сантиметрге ғана (407 см, қауіптісі – 1 300 см) көтерілген.
Трансшекаралық Жайық өзені Ресейдің Орынбор қаласында 501 ( 32, қауіптісі – 930 см), Електе 419 ( 22, 890 см) сантиметрді көрсетті.
Жайықтың арыны Батыс Қазақстан облысы аумағында да қайта қойған жоқ. Соның ішінде Орал қаласында 315 ( 42, 850 см) см болса, Ақжайық ауданы Мерген ауылында 455 сантиметрге жетті.
Сондай-ақ Шаған өзені Бәйтерек ауданы Чувашин ауылында 928 ( 8, 1 300 см), Мичуринде 446 ( 2, 1 100 см) сантиметр болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзеніндегі су деңгейі Орынбор тұсында 470 сантиметрге жуықтағанын жазған едік.
Сондай-ақ Оралда тасқын кезінде жарамсыз болған 700 саяжай үйі бұзылмай қалып отыр.