ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында кейінгі тәулікте Жайық пен Қараөзенде су деңгейінің едәуір көтерілгені байқалады.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, Казталов ауданында Қараөзен Қайыңды ауылында 585 ( 32, қауіпті шегі – 1 700 см), Жалпақтал тұсында 690 ( 24, қауіптісі – 820 см) сантиметрді көрсетті, яғни 7 метрге жуықтады.
Филиал директорының сөзіне қарағанда, облыстың бас өзені Жайықтағы су деңгейі Бөрлі ауданы Жарсуат гидробекетінде 479 ( 28, қауіпті шегі – 1 мың см), Бәйтерек ауданы Январцевте 379 ( 17), Орал қаласында 327 ( 12, 850 см), Көшімде 342 ( 15), Ақжайық ауданы Мергенде 486 ( 12), Тайпақта 228 ( 22) сантиметр болды.
Сондай-ақ Елек өзені Шыңғырлау ауылында 3 (195 см), Бәйтеректе Рубежка 14 (366 см) сантиметрге көтерілгенімен, қауіпті шектерінен алыс жатыр. Басқа өзендердің бәрінде ағыс бәсеңдеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзеніндегі су деңгейі қаншаға дейін көтерілуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).