БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиевтің мәлім еткеніндей, бұл 2023 жылдағыдан (11 917) 2 096 нәрестеге көп.
Естай Елтайұлының сөзіне қарағанда, соңғы үш жылда туу көрсеткішінің өскені байқалады.
— Сонымен қатар, 2024 жылы 4 519 (2023 жылы — 4 897) неке қиылған. Ал 1 172 неке (2023 жылы — 2 039) екеуара келісіммен бұзылған. Өткен жылы 5 648 адам өмірден өткен, бұл 2023 жылғыдан (4 587) 1 061-ге көп болып отыр, — дейді департамент басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша реформалар, соның ішінде АХАЖ-ды цифрландыру жалғасуда.
— Бұл ретте әділет органдары аталған сала бойынша талдау және мониторинг жүргізу, азаматтық хал актілерін тіркеуді нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Осыған орай ҚР Премьер-министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі халықты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тапсырмасын орындау мақсатында БҚО әділет департаменті облыстың мүдделі органдарымен бірлесе отырып, отбасы цифрлық картасының деректерін өзектендіру жұмыстарын атқаруда, — деді Е.Рашқалиев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 430 борышкердің әкімшілік қамаққа алынғанын жазған болатынбыз.